Ұстазы мықтының – ұстамы мықты

Методическая служба 11-окт-2019, 16:22 186

2019 жылдың 9 қазанында   «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні» мұғалімдерінің  бастауыш сынып пен орта буын оқушыларының метапәндік сипатта сыныптағы білім сапасын көтеру, сонымен қатар пән мұғалімдерінің өзара тәжірибе алмасуын, кәсіби шеберлігін, бақылау дағдыларын дамыту мақсатында бірлескен Lesson Study тобының отырысы өтті.
Отырыста топ жетекшілері Батибаева А.С. мен Кайдарова Н.Н. 2019-2020 оқу жылында  «Lesson Study» бойынша өткізілетін іс-шаралармен топ мүшелерін таныстырды. Топ мүшесі  Оразбаева М.С. «Жаңартылған білім беру аясында «Lesson Study» сабағын ұйымдастыру жолдары» тақырыбында коучинг өткізді. Отырыс топ мұғалімдерінің өткен жылғы қолданған әдіс-тәсілдерімен бөлісуімен мәресіне жетті.

Мы работаем для вас уже более 20 лет