Тарихты ұмытқаның - өзіңді ұмытқаның

Новости 21-апр-2017, 14:34 0

Жыл сайын лицей оқушылары Астана қаласына таяу жердегі  Ақмол  ауылындағы қуғын-сүргін құрбандарына арналған  «Алжир» мұражайында  болады. Осы жылы да дәстүр бойынша 8 сынып оқушылары сонау Сталиндік қуғын-сүргінге ұшырағандардың әйелдері мен туыстарына тағзым етіп қайтты. Сыныптастарым  өз көздерімен осыдан 70-80 жыл болған оқиға жәдігерлерін көргенде, мен олардың  жүзінен сол жазықсыз адамдарға деген аяушылық пен жанашырлық сезімін байқадым және бұндай аяусыздық, айуандық енді болмаса екен деген ой  айқын оқылды.

Тарихымызды ұмытпайық, жазықсыздардың жаны жаннатта болсын! Біз жастар еліміздің тарихында осындай дақтардың болмауы үшін бар күшімізді саламыз.

                                                    Ахмадиева Кәмел

 


Мы работаем для вас уже более 25 лет