6 сынып

Новости 18-июл-2019, 12:51 125

М.Әуезов «Абай жолы»

«Қайтқанда» тарауынан үзінді.


            Абай ауылына жеткенше асықты.

- Анау Абай, Абай ғой, айналайын-ай! Апасына айтайыншы,- деді бір үлкен әйел.

- Бәсе, Телғара ғой... жаным-ау, мынау... Телғара! Әпкеме айтайыншы,- деп, тағы бір жас әйел, жеңге де үлкен үйге қарай ұмтылысқан.

          Сағынған баласының келер мөлшерін Байтас кеткеннен бері шешесі Ұлжан да есептеп, осы бүгінге ұйғарып жүр еді. Қырықтың ішіне жаңа кіріп, семіз тартып қалған сары-қызыл бәйбіше жаңағы дауыстарды түгел естіді. Өз үйінен шығарда, төрде отырған енесі Зерені де хабарландырып, сүйемелдеп ерте шықты.

           Құлағы көптен мүкіс тартқан кәрі әжесінің ең бір жақсы көретін немересі Абайды оны есінен шығармай, дұғасына кіргізіп, тілеуін тілеп отыратын.

         Аттылар үйдің сыртына келе бергенде алдарында, сол үлкен үй мен күншығыс жағына тігілген қонақ үйдің екі арасында бұларды күткен бір топ жан тұр екен. Жаңағы шешелерден басқа: жеңгелер, көрші үйлердің қатындары, бірен-саран тыста жүрген шал-кемпір, онан соң осы ауылдың барлық үйлерінен шығып, жүгірісіп келіп жатқан балалар бар. Бұл топқа қарай ауылдың үлкендері де жан-жақтан дабырлап сөйлеп, ағылып
 келіп жатыр.

Осы жиынға қараған бетімен, екі жолдасынан озып кеп бұрын түскен Абайдың атын біреу алып кете берді. Бала көп ішінен, ең алдымен өзінің шешесін көріп, соған қарай жүре беріп еді, шешесі анадай жерде тұрып:

- Әй, шырағым балам, әуелі ар жағыңда әкең тұр... Сәлем бер!- деді. Абай жалт қарап барып жаңа көрді. Анадай жерде, қонақ үйдің сыртында, қасында екі-үш үлкен кісі бар - әкесі Құнанбай тұр екен. Ыңғайсыздықпен қысылып қалған бала, шешесінің сондайлық салқын сабырының мәнін ұқты да, әкесіне қарай барды. Құнанбай Абайға қарап алып:

- Балам, бойың өсіп, ер жетіп қалыпсың-ау! Молда болдың ба? Бойыңдай боп білімің де өсті ме?- деді.
 Кекету ме, жоқ күдік пе? Немесе шынымен жай білгісі келгені ме?   Бала ес
 білгеннен бері қарай әкесінің қабағын жұтаң қыста күн райын баққан кәрі
 бақташыдай бағып, танып өскен. Әкесі де бұл баласының сондай сезгіштігін өзге балаларынан
 артық санаушы еді. Ұялғанды, жауап айтпағанды кешірмейтін әке мінезі Абайға мәлім. Ол сабырлы, момын пішінмен:

- Шүкірлік, әке,- деп біраз тұрды да:- ат барған соң, дәріс тәмам болмаса да, қазіреттің рұқсатын, фатикасын алып қайттым,- деді.

Тіпті ересек адамша сөйлеп қапты. Баланың бұл ерте әзірлеген жауабы еді.

Әкесінің қасында тұрған Майбасар мен соның атшабары екен. Майбасар Құнанбайдың тоқал шешесінен туған інісі. «Төрт тоқал» туысқандарының бір тоқалынан осы Майбасар. Бұны биыл Құнанбай өзі аға сұлтан болғаннан кейін, осы Тобықтыға болыстық старшын еткен-ді. Майбайсар
 Абайдың жауабын ұнатып тұрып:

- Өзі тіпті көшелі кісі боп қапты!- дей беріп еді, Құнанбай оның сөзін аяқтатпастан Абайға:

- Бар, ана шешелерің жаққа бар, амандас, балам!- деді.



















Әнуарбек Дүйсенбиев

«Бәтеңке, Шұжық, Балқаймақ»

Бәтеңке,
 Шұжық,
 Балқаймақ,
 Дүкенде тұрып ұрысты.
 Бәтеңке шықты айғайлап:
 Айту керек дұрысты!
 Сен екеуің кімсіңдер,
 Мені айтындар мүлік деп,
 Құр мақтанып жүрсіндер,
 Жұрт та сырттан күліп көп.
 ...Білмейсіндер, өмірге
 Кім пайдалы, кім мықты,
 Кәне, екеуің жеңіл де,
 Мойындаңдар шындықты.
 ...Таласты олар ұзақ түн,
 ...Кетті айтыс ұзап тым,
 Бір бітімге келмеді...
 Бақта оянды әнші құс,
 Ай да қалғып барады.
 Шымқай тартты күн шығыс,
 Алтын арай тарады.
 
Бәтеңке,
 Шұжық,
 Балқаймақ,

Жатыр әлі айқайлап...

Бірін бірі мінеді,

Керкілдесті, керісті.

«Жүгінетін біреуді

Табалық!»-деп келісті.

    Үшеуі кімнің пайдалы, мықты екенін білу үшін жолда кездескен Мысық, Тышқаннан сұрады. Бірақ олар дұрыс жауап бермеді. Ең соңында олар Сиырға кезікті. Сиыр оларға былай деп жауап берді:

-Мына менен әуелі

Шыққансыңдар өздерің.

Шытынама, Балқаймақ,

Сені сүттен беріп ем.

Ал, Бәтеңке, айғайлақ,

Жасалғансың теріден.

Сен де, Шұжық, безілдек,

Шығасың ғой етімнен.

Енді: «Өзім, өзім!» - деп,

Екіленбе бетіңмен!

Сөйте тұра өзімді,

Мақтамаймын, таспаймын.

Әрқашан да сөзімді,

Бақташыдан бастаймын.

Шалқытып ел табысын,

Жайлауда жүр малшылар.

Қыс боранмен алысып,

Жаз жаңбырға малшынар.

Айтсам егер шындықты:

Сол қадірлі, сол мықты!

Көргің келсе, оларды,

Қазір бәрің ер маған.

Олар асып қырларды,

Бірақ шықты фермадан. 

Ө.Тұрманжанов «Қарлығаш, дәуіт, жылан» 

https://www.youtube.com/watch?v=RmkiPhUAVmo



Мы работаем для вас уже более 20 лет