Кітап – халық қазынасы

Новости 26-дек-2016, 10:40 0

Тәуелсіздік тойының қарсаңында біз Қазақстан Республикасының ұлттық академиялық кітапханасындаболдық. Сыныптастарым кітапхананың халыққа көрсететін қызметімен танысты. Кітапханашылар бізге кітапхана қызметі туралы  егжей-тегжейлі баяндап берді. Оқушылар кітапхана қорындағы тарихи деректермен танысты. Әсіресе,оқушыларды еліміздің жазба тарихынан мағлұмат беретін Күлтегін көшірмелері мен  ұлы ақын Абайдың, А.Байтұрсынов,Ш, Уәлиханов және басқа ақын – жазушылардың  қолжазбалары туралы ақпараттарды аса зор ықыласпен тыңдады. Оқушылар экскурсия барысында кітапхана қызметкерлеріне сұрақ қойып,өздеріне көптеген ақпарат алды. Кітапханаға саяхат оқушыларға үлкен әсер қалдырды.

 


Мы работаем для вас уже более 25 лет