Қадамың нық болсын, жас шәкірт!

Новости 30-окт-2019, 09:16 725

Бірінші тоқсан соңында 2 сынып мұғалімдері арасында  Lesson Study аясында тәжірибе алмасу апталығы мәресіне жетті. Оқу тоқсанының соңғы сәрсенбі күні лицейіміздің  мемлекеттік тілде білім алып жатқан алғашқы қарлығаштары 2 «К» сыныбында сабақта болып, олардың терең білімдерінің куәсі болдық. 
Сабақ «Қадамда құрастыр» әдісі бойынша жүргізілді. Оқушылар әр қадам сайын түрлі тапсырмаларды орындап,сабақты берілген тақырыпқа сай жүйелі де мазмұнды мәтін құрастырумен аяқтады. Сабақ барысында оқушылар белсенділік көрсете отырып, ойларын зерделі жеткізе білді. 
Лицейіміздің алғашқы қарлығаштарына саналы білім мен үлгілі тәрбие беріп келе жатқан Бейнегүл апайға шығармашылық табыс тілей отырып,шәкірттеріңіздің  білім әлеміне  басқан әр қадамы нық,білімдері тереңдей берсін дейміз.

Мы работаем для вас уже более 25 лет