ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ ПСИХИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТІҢ ҚАЛЫПТАСУЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ

Ерте сәбилік шақтың соңына қарай (үш жасқа дейін) іс-әрекеттің жаңа түрлері қалыптаса бастайды. Олар осы жас шегінде кең жайылған формаға жетеді және біртіндеп психикалық дамуды анықтайды. Бұларға ойын мен жемісті іс-әрекет түрлері (сурет салу, мүсіндеу, конструкциялау) жатады. Іс-әрекеттің бұл түрлерінің болашақта мәнді болатынын ескеріліп, олардың ерте сәбилік шақта қалыптасуына жағдайлар жасау қажет.

Заттық іс-әрекеттен алынып, жинақталған әсерлер баланың тілін дамытудың негізі болады. Сөздің артында ақиқат дүниенің бейнелері тұрған жағдайда ғана, сол сөзді игеру жемісті болады. Сөйлеуді игеру әрестелік шақтан басталған қарым – қатынас қажеттілігінің әрі қарай дамуына байланысты жүзегег асады. Сөздік қарым-қатынас баладан қатынасу қабілетін талап еткен жағдайда, яғни үлкендер оны түсінікті сөйлеп, өз ойын айқын сөздермен құра білуге көндірген жағдайда пайда бола бастайды. Егер үлкендер баланың әрбір тілегін қағып алып отырса, онда оның тілінің дамуына ешқандай түрткі болмай қалады. Ерте сәюилік шақ тілді дамыту үшін өте сезімтал (сензитивті) кезең болып табылады: нақ осы кезде сөйлеуді игеру тиімді өтеді. Егер бала осы кезде қандай да бір себептермен тілді дамыту қажетті жағдайлардан айырылып қалса, онда кейін жіберілегн қателіктердің орнын толтыру өте қиын болады. Сондықтан екі-үш жаста баланың тілін дамыту мен қарқынды шұғылдану қажет.

Үлкендермен бірлескен іс-әрекет үстінде бала ерте сәбилік шақта-ақ айтылған сөздер мен олардың ар жағында тұрған ақиқат болмыстың арасындағы байланыстарды аңғара бастайды. Сөздерді олар белгілейтін заттар мен іс-әркеттерге апарып жатқызу бірден бола қоймайды. Үлкендердің сөзі мен іс-әрекеттерінің арақатынасын белгшілеу қабілеті де ұзақ дамып, оның өмірінің бірінші жылында қалыптаса бастайды. Үш жасқа қарай сәбидің, үлкендердің сөзін түсінуі спалық жағынан өзгереді. Бала бұл мезгілде жекелеген сөздерді ғана түсініп, үлкендердің нұсқауы бойынша заттық әрекеттер жасауға ғана қабілетті болып қоймайды. Сәби үлкендердің тікелей өзіне бағытталмаған кез келген сөздерін қызыға тыңдай бастайды. Үлкен адам мен баланың тікелей қарым-қатынас жасау ситуациясынан тысқары хабарларды тыңдау мен түсіну маңызды жетістік болып саналады. Ол сөйлеуді баланың тікелей тәжірибесінің өресі жетпейтін болмысты танудың негізгі құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік жасайды.

Ерте сәбилік балалық шақ – балалық белсенді сөйлеуінің қалыптасу кезеңі. Бір жарым жасқа дейінгі бала 30-40 тан 100-ге дейінсөз үйренеді және оларды өте сирек қолданады. Ол тым мүдіріп сөйлейді.Тілді меңгерудегі елеулі өзгкріс шамамен бір жарым жаста жүзеге асады. Сәби бастамашыл болады. Ол заттардың аттарын атап отыруды үздіксіз талап ете бастайды. Сөйлеудің даму қарқыны арта түседі.Екі жастың аяғында бала 300ге дейін ал үш жастың соңында 1500 дейін сөздер қолданылады. Тілді дамыту ана тілінің дыбыстық жағы мен граматикалыққұрылысын игеруді көздейді. Егер алғашында бала сөйлеуді сөздің ырықты мелодиялық құрылымын қағып алу жолмен қабылдайтын болса, екінші жылдың соңына қарай онда ана тілінің барлық дыбыстарын фонетикалық қабылдкау қалыптасады. Оның негізінде белсенді сөздікті және сөзді дұрыс айтуды игеру жүзеге асады.

Граматикалыққұрылысты игерудің өз даму кезінде болады.Бұл кезең бір мен екі жасқа дейін- түбірлі сөздерден құралатын кезеңі. Бұл кезеңде бір буынды және екі буынды сөйлемдер ажыратылады.баланың сөйлеуі ересек адамның сөйлеуіне аз ұқсайды, ол көбіне үлендер пайдаланбайтын сөздерді пайдаланады. Тілдік қарым-қатынас практикасында бұл стреотип түсіп қалады да, дұрыс септік жалғаулар пайда болады. Ана тілдің граматикалық формаларын меңгеру баланың тілді сезінуін дамытады. Ерте сәбилік шақта бала ана тілін меңгеру жағынан оның синтаксистік құрылымдарын граматикалық формаларын және дыбыстарды игере отырып, орасаң зор жұмыс атқарады.

Ерте сәбилік шақтағы баланың ақыл-ойының дамуы. Ерте сәбилік шақтың басында бала айналасындағы заттардың қасиеттерін қабылдап, олардың арасындағы қарапайым байланыстарды аңғарып, оларды пайдалана бастайды. Бұл заттық іс-әрекетті, ойынның қарапайым формаларын , сурет салу мен сөйлеуді игеруге байланысты бұдан арғы ақыл-ой дамуының алғы шартарын жасайды. Ерте сәбйлік шақтағы ақыл-ой дамуының негізін балада қалыптасып жатқан қабылдау мен ойлау әрекеттерінің жаңа түрлері құрастырады.

Қабылдау заттық іс-әрекетте қалыптасатын арақатынастық іс-әрекеттер есебінен дамиды. Бала заттарды олардың формаларына, көлеміне, түсіне сәйкес іріктеген кезде, оның сыртқы бағдарлау әрекеттері қалыптасады. Сыртқы бағдарлау әрекеттерін табысты игеру баланың, атап айтқанда, қандай заттармен шұғылдануына тәуелді болады. Бұл жастағы балаларға деген ойыншықтардың көпшілігі олардың құрылыстарының өзінде бөлшектерін бір-бірімен салыстырып өлшеу қажеттігін туғызатындай етіп (матрешкалар, қорапшалар, мозаикалар т.б.) жасалынған. Мұндай ойыншықтарды автодидактикалық, яғни өзін өзі үйретуші ойыншықтар деп атайды.

Сыртқы бағдарлау әрекеттерінің көмегімен заттардың қасиеттерін салыстырудан, арақатынастарын белгілеуден бала енді оларды көз арқылы табуға ауысады. Қабылдау іс-әрекетінің жаңа типі қалыптасады.

Көзбен қабылдаумен қатар ерте сәбилік шақта естіп қабылдау да дамиды. Әсіресе фонематикалық есту өте тез дамиды. Әдеттегідей екі жастың соңында балалар ана тілінің барлық дыбыстарын қабылдайтын болады. Дегенмен, фонематикалық естудің жетілуі кейінгі жылдарда жүріп өтеді.

Баланың ойлауының дамуы, біріншіден, баланың өз іс-әрекетіне (ойлау негізіне, оның сезімдік тәжірибесіне) жататын, екіншіден, іс-әрекет тәсілдеріне үйрететін және заттардың жалпылама аттарын беріп отыратын үлкендердің ықпалына байланысты. Затпен практикалық әрекет жасау сәбиді көбіне нақтылы ситуцияда пайда болған міндеттерді шешуге алып келеді. Әрекет үстінде табиғи үйрену болып өтеді: заттарға әсер ете отырып, бала бір әрекеттердің жемісті, екіншілерінің нәтижесіз екендігін байқайды. Алғашқы іс-әрекет тәжірибесі кейінгіде көрініп отырады. Ойлау заттық міндетті шешу процесінде жүзеге асады және көрнекі ықпал ету сипатында болады.

Ойлауды дамытуда жеке бастың практикалық тәжірибесі қанша маңызды болғанымен, баланың ойлауын дамытуда әлеуметтік орта ерекше әсер етеді. Л.С.Выготский бала өмірінің алғашқы күннен бастап оның мінез-құлқының сипатына әлеуметтік ситуация терең ықпал ететінін атап көрсеткен еді. өзінің ақыл-ойы шешімдерінде бала әрқашан үлкендерге қарап бағдар алады.


Мы работаем для вас уже более 20 лет