Республикалық онлайн семинар

2022 жылдың 5-мамырында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясының бастамасымен қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Н.Е.Байсаковтың 6-сыныптарға арналған «Қазақ тілі» оқу құралының республика көлемінде таныстыру іс-шарасы онлайн ұйымдастырылды. 
Іс-шараға Білім және ғылым министрілігінің, Еуразия ұлттық университетінің қызметкерлері және республикамыздың өңірлерінен отыздан аса қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі қатысты. 
Оқу құралы Нұр-Сұлтан қаласының Экономикалық лицейі мен Павлодар қаласының №39 мектеп-лицейінде апробациядан өткен. Мемлекеттік бағдарламаға сай жасалған және оқулыққа қойылатын талаптар ескерілген. Нәтижесінде мәтіннің 30-35% түсінетін оқушылар 60-70% дейін түсінетін болып жүр.
Оқу құралы көпшіліктің көңілінен шықты. Іс-шара соңында Абай облысы Семей қаласы №6 гимназиядан А.Р.Шакенова, Нұр-Сұлтан қаласы Х.Ж.Садвакасов атындағы «Столичный лицей»-ден Р.К.Ибраева, ШҚО Шемонаих қаласы А.С.Иванов атындағы мектептен М.К.Ущанова мен Г.Т.Еңсебаева, Нұр-Сұлтан қаласы РФММ А.К.Камзина, Ақсу қаласы №4 мектептен Б.Б.Нурумова, Нұр-Сұлтан қаласы Экономикалық лицейден М.Қ.Токумова және Павлодар қаласының №39 мектеп-лицейінде Н.Е.Тұмарбекова сөз сөйлеп, оң пікірлерін білдірді. Еңбекті республикаға таратуды ұсынды.

Мы работаем для вас уже более 25 лет