Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында лицейімізде «Екі жұлдыз» ән байқауы өтті. Сайысқа оқушылар,ата-аналар және лицей ұстаздары қатысты. Сайыстың ережесі бойынша оқушы - ата-ана, оқушы-ұстаздан құралған жұптар әнді қазақ тілінде шырқауы тиіс. Басты  мақсат - мемлекеттік тілімізді кеңінен насихаттап, оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыру. 
Бір жарым сағатқа созылған ән сайысының қортындысы бойынша 3-ші орынды 6 «В»   сынып оқушысы Сұлтанова Лина мен қазақ тілі пәнінің мұғалімі  Нұржан Елубайұлы,            2-ші орынды 6 «Б» сынып оқушысы Абикен Айрис пен Билисбекова Ясминнің әжесі Баян Суннатқызы, 1-ші орынды 5 «Г» сынып оқушысы Ермекұлы Әкежан мен музыка пәнінің мұғалімі Антонина Федоровна иеленсе, Бас жүлде 2 «К» сынып оқушысы Абуталипова Луара мен мұғалімі Асель Амирғалиге бұйырды. Қалған қатысушылар түрлі номинациялар бойынша марапатталды.  Сайыс  қатысушылар мен көрермендердің «Атамекен» әнін шырқауымен аяқталды.