18 наурыз күні 6 «в» сынып оқушылары лицей қабырғасында қалыптасқан бүлдіршінге сый бағдарламасына сай бірінші сынып оқушыларына арнап «Наурыз той» атты ауызша журнал өткізді. Оқушылар «Наурыз мейрамының» тарихымен және наурызкөжені қалай дайындайтыны туралы әңгімелепғ ән салып би биледі. Кездесу соңында оқушыларға жұмбақ жасырып олардың жауабын қазақша тыңдады. Бастауыш сынып оқушыларына кездесу жақсы әсер қалдырды.
19 наурыз күні лицей оқушылары Ұлыстың ұлы күні қарсаңында «Наурыз- думан» атты мереке өткізді. Мереке 5-11 сынып оқушыларын түгел қамтыды. Лицей спорт залы көтеріңкі көңілдегі оқушыларға лық толды. Оқушылар алдын ала қазақ халқының салт дәстүрі,ұлттық тағамдары,киімдері,билері мен әндері,аспапатары, ойындары мен қолөнері тақырыптарына тапсырма алды. Мереке 10 «а»сынып оқушыларының Наурыз мейрамы туралы ақпаратынан бастау алды. «Наурыз-думан» әрі қарай кезекпен қазақ халқының қолөнері мен әшекей бұйымдары, билері мен салт-дәстүрін көрсетумен жалғасты. Мереке қазақ халқының салты бойынша мол шашумен аяқталды. Лицей оқушылары мерекелік көңілмен көктемгі демалысқа шықты.