Қанатың талмасын ән толқынында, «Жас қанат»!

Новости 01-мар-2022, 08:12 290
Ақпан айының соңғы жұмасында,яғни 25 ақпан күні лицей сахнасы қазақ әндерінің толқынында болды. Жыл сайын өтіп жүрген қазақ әндерінен оқушылар,ата-аналар мен мұғалімдер арасындағы ән сайысы «Жас қанат» деген атаумен қазақ әндерін сүйетін тыңдаушыларын ән қанатында тербеді. Байқау барысында орындаушылар халық және эстрада әндерін шырқап,өз тыңдаушыларының жүрегінен орын тапты. Бір  жарым сағатқа созылған ән байқауы жеңімпаздарын анықтап өз мәресіне жетті. Бас жүлдені Смолина Катя мен 8 «В» сыныптың «Достар» тобы жеңіп алды. Барлық қатысушылар  мен ән байқауын жоғары деңгейде ұймдастырушы қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Токумова Мариаш Қайроллақызына шығармашылық табыс тілейміз. Көк аспанда тек тамылжыған ән шырқалсын! Еліміз аман,жұртымыз тыныш болсын!

Мы работаем для вас уже более 25 лет