Әнші балапан

Новости 03-мар-2022, 08:14 375
25.02.2022 ж қазақ тілі пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен мектебіміздің бастауыш сынып бүлдіршіндері арасында «Әнші балапан» байқауы өтті. Байқауға 13 оқушы қатысты. Байқауды 4«Б» сынып оқушылары Анацкий Егор және Середа Ангелина қазақ тілінде тамаша жүргізді. 4«А» сынып оқушылары Рифферт Таисия «Егіз лебіз», Қайратқызы Жібек «Қараторғай» әнімен көрермендерді сүйсіндірді. 
4«Б» сынып шәкірттері Укасова Жанна, Шилов Артём, Геффель Дарья, Есенжолова Мадина «Атамекен» әнін, Сарбасова Медина «Қазақ елі», Суленова Адина «Кең далам» әнін, Капустин Иван «Жау,жау жаңбыр» әнін орындады. 3«Г» сынып оқушысы Касабекова Айлин «Қайда?» әнін керемет орындап берді. Байқаудың ең кішкентай әнші балапандары 2«Е» сынып оқушылары Бақытбек Әзина мен Іңкар әртістік өнерлерімен таңқалдырды. 2«А» сынып оқушысы Мунбаев Санжар «Мектебім» әнін нақышына келтіріп орындап берді. Оқушыларымыздың әнді орындауы, өзін—өзі сахнада ұстау өнерлері жоғары деңгейде болды. Туған жерге арналған әндерді айтқан балалар ұлттық киімдер киіп,  көрермен көзайымы болды. Біздің ата—аналар да,оқушылар да ән өнері сайысына қызығушылық танытып,үлкен жауапкершілікпен қарады. Қатысушылар түрлі жеке номинацияларды иеленіп,мақтау грамоталарымен марапатталып, тәтті сыйлық алды.


Мы работаем для вас уже более 25 лет