Гүлім Әбілмәжінқызына алғыс

Отзывы родителей 01-ноя-2022, 11:47 950
Біз ұлымыз Мәдидің ұстазы, тәлімгері Гүлім Әбілмажінқызына үлкен алғыс білдіреміз.
Ұлымызды тарыдай болып мектепке енген сәтінен бастап білім нәріне сусындатып, оқу жолында баулап келеді. Ұлымыз 1-сыныпта оқығанда, әліппе кезеңі басталғанда  Гүлім Әбілмажінқызы әрбір өткен әріпке таңдалған тақырып бойынша жоба жүргізілетіні жайында айтты. Әрине бізде, ата-аналарда  жоба жұмысын жасау балаға қиын болады деген үрей болды. Бірақ, баланың қызығушылығы ақпарат жинаудан-ақ оянып, әр жобаға үлкен жауапкершілікпен қарады. Мәдидің сөздік қоры кеңейіп, жаңа ақпаратты игеріп, ой-өрісі кеңіді. Бірнеше жоба қорғағаннан кейін, ұлымыз өзін еркін ұстап, қорғау жұмыстарына ынтамен дайындалатын болды. Әр жоба қорғаған сайын сыныптастарының қызықты ақпараттарымен бізбен қуана бөлісетін. Жоба жұмысы екі тоқсан бойы жүргізілді. Нәтижесінде балалар таңдаған тақырыптары бойынша кітап жасап шығарды. Мәдидің жұмысы жоғары деңгейде жасалғандықтан Гүлім Әбілмажінқызы «Зерде» қалалық байқауына қатысуды ұсынды. Осы қалалық байқауда Мәди көп баланың ішінен 2-орын иегері болды.
Мәне осындай, бастапқы 1-сыныпта жасалған  жоба жұмыстары негіз болған, баланың өз бетінше ақпаратты іздеп, қорытынды жасауға жетелейтін жобалар 2-3 сыныптарда да жалғасуда. Мәдидің жоба жұмыстарына қызығушылығы жоғары болғандықтан, осындай шығармышылық жұмысты қуана істейді.
Баламыз осындай іс-шаралар арқасында өз пікірін еркін білдіре алады, ақпаратты саралап, өздігінше нәтиже шығарады, ораторлық қабілеттері де ояныпты. Осының бәрі Гүлім Әбілмажінқызының педагогикадағы жоғары кәсіби біліктілігінің арқасында. Баламызды жан-жақты дамытқаны үшін Гүлім Әбілмажінқызына алғысымыз шексіз.
Ұстазға зор денсаулық, сарқылмас қуат, шығармашылық табыс тілейміз!
 
3 «К» сынып оқушысы
Мақсым Мәдидің ата-анасы Жанисенова Алия Маратқызы

Мы работаем для вас уже более 25 лет