«ШЫҒЫС УАҚЫТЫ»

Жаңалықтар 30-апр-2022, 10:15 194
2022 жылдың 30 сәуірінде Қазақстан халықтарының бірлігі күні қарсаңында лицейіміздің оқушылары «ШЫҒЫС УАҚЫТЫ» көрмесін тамашалады.
Біздің балалар үшін Арман-тур компаниясының гидімен ағылшын тілінде экскурсия жүргізілді.
Оқушылар  өзбек суретшілерінің картиналары, түрікменнің бірегей қолдан жасалған кілемдері, қазақ сәнгерлері мен киім дизайнерлерінің еңбектері туралы көп ақпарат  алды; халықтардың салт-дәстүріне, мәдениетіне, құндылықтарына шексіз сүйіспеншілікпен біріктірілген шеберлер шығармашылығын, Орталық Азияның шығыс әлемін ашты.

Біз 25 жылдан аса жұмыс жасап келеміз