Біз салауатты өмір салтын ұстанамыз!

Жаңалықтар 19-сен-2022, 16:08 444
9 қыркүйек күні денсаулық күніне лицей оқушылары белсене қатысты. Аталмыш шара аясында жоғары сынып оқушылары үшін спорттық жарыстар, бесінші сынып оқушылары үшін көңілді старттар және барлық 6 сыныптар арасында спорттық спартакиада өткізілді. Спорттық жарыстардың қорытындысы бойынша жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды.
Спартакиаданы ұйымдастырып, өткізгені үшін дене шынықтыру мұғалімдеріне, 11-сынып оқушылары мен сынып жетекшілеріне алғысымызды білдіреміз.


Біз 25 жылдан аса жұмыс жасап келеміз