25 мамыр күні 2021-2022 оқу жылының түлектері үшін соңғы қоңырау соғылды. Түлектерді құттықтауға бірінші сынып оқушылары, ұстаздар, ата-аналар келді. 10-сынып оқушылары 11-сынып оқушыларынан олимпиадалар мен шығармашылық байқаулардың жеңіс эстафетасын алды.Музыка үні мен мектеп вальсін жиналған қауым қошеметпен қабылдады. Соңғы қоңырауды 11-сыныптың үздік оқушылары соқты. Қоштасу қоңырауы салтанатты естіліп, толқу және қуаныш тудырды. Экономикалық лицей түлектеріне сәттілік тілейміз!

