Лайықты түлек

Жаңалықтар 02-июн-2022, 14:08 292
2022 жылдың 1 маусымында Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында республикалық пәндік олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.
Елорда әкімі Алтай Көлгінов қалалық олимпиадашылар тобын   құттықтап, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табыс етті.
Біздің мектебімізден қатысқан оқушылар жыл сайын республикалық олимпиадаларда «Үздік олимпиадалық топ» атағына ие болып келеді. Биылғы жылы қала құрамасы рекордтық медаль саны  – 93 жүлдені жеңіп алды. Жалпы жеңіске Республикалық математика олимпиадасының күміс жүлдегері атанған 2022 жылғы түлегіміз Данил Баймулдин үлес қосты. Экономикалық лицейдің негізін қалаушы грант иегерінің орасан еңбегі оны тағы да жетістікке жетеледі. Данил мен оның математика пәнінің мұғалімі Жакыпбекова Динара Асиловнаны оқу жылының лайықты аяқталуымен және жарқын жеңісімен құттықтаймыз!

Біз 25 жылдан аса жұмыс жасап келеміз