Қадірлі Бахытгуль Рахымбековна!

Сізді келе жатқан 8-Наурыз Халықаралық  әйелдер мерекесімен  құттықтай отырып деніңізге саулық, еңбегіңізге жеміс тілеймін.
Экономика лицейіндей білім ордасын басқара отырып қазақ сыныптарын ашқаныңызға көп рахмет айтқым келеді.
Осы мектебіңіздің 1 «К» сыныбында менің немерем Мұрзахметов  Мансурда оқиды. Осы Мансұрымның  сынып жетекшісі, алғашқы Ұстазы  Гүлім Әбілмәжінқызына рахметіммен ризашылығымды білдірейін деп едім. Ұстазымыз шәкірттерін бар салада тәрбиелеуде. Жақсы тәрбие, білім беріп, әр балаға жеке көңіл бөледі. Қазір, мына «карантин» кезінде, біз, ата-аналар мектепке барып, сабаққа кіріп қатысатындай жағдаймыз болмай жатыр ғой. Соның өзінде біздің ұстазымыз  талмай еңбек етіп шәкірттеріне  патриоттық тәрбие, елін, жерін сүйіп өсуге, қазақ баласының  бар жақсы қасиеттерін дарытуда. Қазіргі кезде бала қандай, ата-ана қандай...
Бұл кісі баламенде, ата-анаменде өте мәдениетті түрде  қатынас жасауда. Әр сабақта өте жақсы білім  беруде. Оны өзімнің немеремнің  оқуынан, түсінігінен, мектепке деген ынтасынан ұстазына деген  қадірінен байкаймын.  Әр сәрсенбіде, қазір «онлайн»  сабақтары өтіп жатыр. Сол сабақтарды, өзім, еріксізден, басқа   бөлмеде болсамда тындаймын.  Гүлім Әбілмәжінқызынын сабақ беру  методикасы, дауысы, әр шәкіртіне деген ерекше   қадірі, сабақ түсіндіргені   ұстазымыздың, жан жақты, көркем мінезділігін байқатады. Еліміздің  болашағы жарқын болып. Осындай  ұстаздар тәрбиелеген  парасатты жан-жақты білімді ұрпақпен көркейсін деп тілеймін. 

Шынайы тілекпен, 
Қайырбаева Бақыт Төлеуханқызы

Біз 25 жылдан аса жұмыс жасап келеміз